АҚШ президенті Иранға көмектесуге дайын екендерін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ Үйде баспасөзге мәлімдеме жасады.

1401482
АҚШ президенті Иранға көмектесуге дайын екендерін мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары(АҚШ) президенті Дональд Трамп Иранға талап еткен жағдайда жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясымен күресте көмектесе алатынын мәлімдеді.

"Сovid-19 эпидемиясымен күрес қызмет күші" Ақ Үйде баспасөз жиналысы өкізді.

Жиналыста мәлімдеме жасаған Трамп эпидемиямен күресте «табанды» бір ілгерілеу процесіне көшкендерін тілге тиек етті.

Шағын кәсіпорындар мен ауылдық ауруханаларға көмекті қамтыған 450 миллиард долларлық жәрдем пакетін бекіту үшін демокарттармен келіссөздерді жалғастырғандарын атап көрсеткен Трамп «Келісімге өте жақынбыз» деді.

Эпидемия қатты әсер еткен елдердің бірі Иранға көмек жасалып, жасалмайтыны жөніндегі бір сұраққа Трамп «Көмек қажет болған жағдайда егер Иран мемлекеті талап етсе көмектескім келеді. Эпидемия оларға ауыр тиді. Олар жариялаған көрсеткіштер шындыққа жатпайды. Көмек немесе тыныс алдыру аппараттары қажет болса жібере аламыз. Біз де мыңдаған аппарат бар және өндірілуде, әрине көмектескіміз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар