Киркукте 23 ДАИШ-тік террорист залалсыздандырылды

АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің қолдауымен жүзеге асқан операцияда ирактық 1 әскер қаза тапты.

1397483
Киркукте 23 ДАИШ-тік террорист залалсыздандырылды

Ирактың Киркук қаласында террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған операцияларда бір әскер қаза тауып, 23 террорист залалсыздандырылды.

Операция АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің әуеден қолдауымен жүзеге асты.

Киркук Операциялар қолбасшысы Саид Харбийе қаланың оңтүстігінде ДАИШ-тік террористтерге қарсы операция бастағандарын білдірді.

Харбийе шыққан қақтығыстарда Бір Ирак әскері мен 23 ДАИШ-тік террористтің өлгенін мәлімдеді.

Екі жыл бұрын Ирактың ДАИШ-тен тазаланғанына қарамастан ұйымның Мосул, Анбар, Дияла мен Салахаддин уәлаяттарының ауылдық аймақтарына шабуылдары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар