Эфиопияда егінді шегіртке басты

Эфиопияда шөл шегірткелерінің егістік алаңды жаулап алуы себепті бір миллион адам аштық қаупінде қалды.

1397409
Эфиопияда егінді шегіртке басты

Эфиопияда шөл шегірткелерінің егістік алаңды жаулап алуы себепті бір миллион адам аштық қаупінде қалды.

БҰҰ Азық-түлік және Егін шаруашылығы ұйымынан жасалған мәлімдемеде елде шегірткелердің мөлшермен 200 мың гектарлық егістікке зиян салуы салдарынан 356 мың тонна дәнді дақылдың шығынына себеп болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде шегірткенің қаптауы салдарынан бір миллион адамның ашаршылық қаупіне дөп келіп отырғаны және шұғыл азық-түлік жәрдеміне мұқтаждық болғаны хабарланды.

БҰҰ Азық-түлік және Егін шаруашылығы ұйымының Эфиопия өкілі Фатаума Сеид тақырыпқа байланысты мәлімдемесінде шегіртке жаулап алуы жаңа типті коронавирус індетімен күреске тура келген осы кезеңде  халықтың күн көріс көзін қорғау үшін шама келгенінше талпынғандарын айтты.

Шығыс Африка және Орта Шығыс елдерінде айлардан бері егістік алаңға зиян салған  шегіртке тобы күніне 150 километр жол басады.

Бір шаршы километрге жиналған 40 пен 80 миллион арасындағы шегіртке тек бір күннің өзінде 35 мың кісіге жететін азықтықты құртуда.



Ұқсас жаңалықтар