Еуропа Кеңесінен Грекияға ескерту

Азаптаулардың алдын алу жөніндегі комитет Грекияны түрме жүйесін реформалауға шақырды.

1394771
Еуропа Кеңесінен Грекияға ескерту

Еуропа Кеңесі құрамында жұмыс істейтін Азаптаулардың алдын алу жөніндегі комитет Грекияны түрме жүйесін реформалауға шақырды. 

Комитет осы елге байланысты есеп дайындап, өткен жылы Грекиядағы түрмелердің тексеруден өткенін еске салды. 

Комитет Грекия түрмелерінің 140 пайызға дейін толы екенін,  тұтқындарға нашар қараудың үлкен проблема екенін білдірді. Комитет грек органдарын осы тақырыпта жедел шешім ізденісіне шақырды. 

Түрмелердегі шарттардың да жеткіліксіз екені, әрбір тұтқынға кемінде төрт шаршы метрлік алаң қалыптастырылуы керектігі атап көрсетілді. Түрмеде адам көп болғандықтан тұтқындар медициналық қызметтерден де пайдалана алмайды.



Ұқсас жаңалықтар