Талибан сарбаздары босатылды

Ауғанстан түрмелеріндегі 100 Талибан сарбазы босатылды.

1394511
Талибан сарбаздары босатылды

Америка Құрама Штаттары мен Талибан арасында келісілген келісім нәтижесінде Ауғанстандағы түрмелердегі 100 Талибан сарбазы босатылды. 

Ауғанстан Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джавид Файсал АҚШ пен Талибан арасындағы келісімге орай Талибанның жүз сарбазының босатылғанын білдірді. 

Аталмыш сарбаздар Талибан тарапынан берілген тұтқын алмасу тізімінде орын алғандар.  Олардың тексерулері жүргізіліп, енді қайтып қару алып соғыспайтындары жөнінде қолхат алынғаны білдірілді. 

Файсал Ауғанстан үкіметтің бейбітшілік процесінің алға жылжуы үшін Талибанмен келісімге келу жолын ашық ұстағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар