Нью-Йоркта 11 қыркүйектен көп адам қайтыс болды

Жаңа типті коронавирус індеті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 11 қыркүйек террористік шабуылынан да көп жан шығынына себеп болды.

1394168
Нью-Йоркта 11 қыркүйектен көп адам қайтыс болды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 11 қыркүйек террористік шабуылынан да көп жан шығынына себеп болды.

АҚШ Нью-Йорк қаласының әкімі Эндрю Куомо жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті қайтыс болған адам саны бір күнде 779 кісі артып, 6 мың 268-ге көбейгенін білдіріп, 11 қыркүйек террористік шабуылында 2 мың 753 кісі қаза тапқанын ескертті. 

2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та ішкі рейсте ұшқан 4 жолаушы ұшағы Ел Кайда террористері тарапынан алып қашырылған болатын.

Екі ұшақ Нью-Йорктағы Әлем Сауда орталығының солтүстік және оңтүстік ғимараттарына соғылып, 110 қабатты екі ғимарат құлаған. 

Үшінші ұшақ Виргиния штатындағы Қорғаныс министрлігі Пентагон ғимаратына соғылып, ғимараттың батыс қанаты құлаған.

Төртінші ұшақ астана Вашингтонды нысанаға алған, алайда жолаушылардың террористермен күресуі нәтижесінде Пенсильванияда құлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар