АҚШ-та "Covid-19"-ды жұқтырған Афроамерикан саны өте жоғары

Бұл жағдай «АҚШ-та баршаның бірдей денсаулық құқығы бар ма?» деген сұрақты еске түсіреді.

1393469
АҚШ-та "Covid-19"-ды жұқтырған Афроамерикан саны өте жоғары

АҚШ-та кейбір штат пен қалаларда жаңа тип коронавирус (Сovid-19) себепті қайтыс болғандар арасында Афроамерикан санының жоғары екені ортаға шықты.

Бұл жағдай «Баршаның бірдей денсаулық құқығы бар ма?» деген сұрақты еске түсірді.

Тұрғын санының 30 пайызын қара нәсілділер құраған Чикагоның қала әкімі Лори Лайтфут қалада Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандардың 72 пайызының Афроамерикан екенін атап көрсетті.

Лайтфут «Бұл мағлұматтар Сovid-19-дың тарауы мен қоғам ішіндегі теңсіздік туралы алаңдатарлық бір көрініс ұсынады» деді.

Эпидемия ықпал еткен штаттардың бірі Луизианада болса Сovid-19-дан қаза тапқандардың 70 пайызының қара нәсілділер екені атап көрсетілді.

Тұрғын санының 32 пайызын Афроамерикандар болған Луизиананың губернаторы Джон Белл Эдвардс бұл көрсеткіштің себебін зерттейтіндерін білдірді.

Мичиганда болса Сovid-19-дан көз жұмғандардың 40 пайызының Афроамерикандар екені және оқиғалардың қара нәсілділер жиі өмір сүрген Детройт қаласында да байқалғаны білдірілді.

Мичиганның 14 пайызын Афроамерикандар құрайды.

Адам құқықтары қорғаушылар комитеті федералды үкіметті Сovid-19 эпидемиясының нәсіл мен этникалық тектер арасындағы таралымына қатысты көрсеткіштерді жариялауға шақырды.

Мәлімдемеде «Біз бұл дағдарысты кезеңде әр нәсілден адамның тепе-тең денсаулық сақтау қызметінен пайдаланып, емделгеніне сенгіміз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар