Батыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен әлемде өлім-жітім саны 74 мыңнан асты.

1392648
Батыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен әлемде өлім-жітім саны 74 мыңнан асты. Расталған оқиға саны бір миллион  331 мыңнан, сауығып кеткендер саны 275 мыңнан асты. 

Италияда Covid-19 эпидемиясында соңғы 24 сағатта  636 адам қайтыс болды. 88-і дәрігер, барлығы 16 523 адам қайтыс болды. Елде осы вирусты жұқтырып алған адам саны болса 133 мыңға жетті. 

Францияда эпидемияда қайтыс болғандар саны соңғы бір күнде 833. Жалпы саны 8 911-ге жетті.  98 010 адам жұқтырып алған елде 17 250 адам сауығып кетті. 

Ұлыбританияда Covid-19 эпидемиясынан соңғы 24 сағатта  439 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 5 373.  Елде расталған оқиға саны 51 608 болды. 

187 адам қайтыс болған Нидерландыда өмір қалпына ене бастады.  Сақтық шаралары шеңберінде 11 наурыздан бері жабық тұрған бала бақшалардың  15 сәуір күні ашылатыны хабарланды. 

Америка Құрама Штаттарында коронавирустың жаңа түрінен он мыңнан астам адам қайтыс болды.  Жалпы оқиға саны 347 мыңға жетті.



Ұқсас жаңалықтар