Азан оқылатын мешіт саны артты

Германияда азан оқылатын мешіт саны артты.

1392825
Азан оқылатын мешіт саны артты

Германияның Вуппертал қаласында коронавирустың жаңа түрі себебімен мұсылмандардың рухын көтеру үшін он үш мешітте бірінші рет дауыс зорайтқыштан азан оқылды. Жергілікті органдар арнайы рұқсат берген он үш мешіттің сегізі - түріктердікі. 

Дін істер Түрік Ислам одағына қарасты 29 жылдық Эдберфельд орталық мешітінде міндет атқаратын Мұстафа Аккая,  25 жылдық Фонвинкел Мимар Синан мешітінде қызметкер Хасан Хүсейін Шен мен Түрік Федерациясына қарасты 23 жылдық Алперен мешітінде міндет атқаратын Кемал Явуз бірінші рет дауыс зорайтқышпен азан оқыды. 

Түріктер мен мұсылмандар көп тұратын қаладағы мешіттерде дауыс зорайтқышпен азан оқу 19 сәуір күніне дейін жалғасады. 

Бұдан бұрын да жергілікті органдардың рұқсатымен Германияның көптеген қаласындағы жүз шақты мешітте жұма және кешкі намаздың азандары дауыс зорайтқышпен оқылған болатын. 

Германияда да коронавирус салдарынан мешіт және басқа да ғибадатханаларда топтық ғибадат уақытша тоқтатылған еді.



Ұқсас жаңалықтар