Швеция королі халыққа үн қатты

"Пасха мерекесінде үйде отыруыңыз керек" деді.

1392142
Швеция королі халыққа үн қатты

Швеция королі Карл Густаф коронавирустың жаңа түріне байланысты жақындап қалған пасха мерекесіне орай үндеу жариялады. 

Карл Густав коронавирус себебімен Стокгольмнің шетіндегі Флен қаласындағы сарайдан халыққа үн қатты. 

Швеция королі азаматтық мобилизация басталғанын айтып: “Алдымыздағы жексенбі күні пасха мерекесі бар.  Көп уақыттан бері күтілген осы мерекеде азаматтар саяхаттағысы келеді, отбасы немесе достарымен тамаша уақыт өтізуді қалайды.  Бірақ биыл пасха мерекесінде бұлай болмайды. Covid-19 эпидемиясына байланысты үйде отыруыңыз керек” деді. 

“Ішіңіз пысқан болар” деген король “Ең азынан пидақорлық. Отбасыңызды және балаларыңызды ойлаңыз. 30 сәуір күні 70-ке толамын. Бір нәрсені жақсы білемін.  Дағдарыс қаншалықты ұзын болса да ерте ме кеш пе аяқталады” деді.



Ұқсас жаңалықтар