Ливия үкімет күштері Хафтерге қару тасымалдаған жүк ұшағын атқылады

Ливия Ұлттық Үкімет жасақтары мәлімдемешісі подполковник Мұхаммед Кануну мәлімдеме жасады.

1392032
Ливия үкімет күштері Хафтерге қару тасымалдаған жүк ұшағын атқылады

Ливияда Ұлттық үкіметке қарасты әскери жасақтар көтерілісші Халифа Хафтерге қарасты күштерге оқ-дәрі тасымалдаған әскери бір ұшақтың нысанаға алынғанын жариялады.

Ұлттық Үкімет жасақтары мәлімдемешісі подполковник Мұхаммед Кануну тақырыппен байланысты Ливия Ұлттық Үкіметі жүргізген «Ашу вулканы» операциясы баспасөз орталығының ресми твиттер парақшасынан мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Үкімет күштерінің әскери жүк ұшағы Триполидің оңтсүтігіндегі Терхуне қаласы маңына қонған соң атқыланғанын білдірді.

«Ашу вулканы» операциясы мәлімдемешісі Мұстафа әл-Меджии бұрын жасаған мәлімдемесінде үкімет күштерінің Триполидің оңтүстігіндегі Айн Зара және Вади әр-Раби аймақтарында Хафтер күштеріне қарсы табысты операциялар жасалғанын атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар