Жапония кейбір елдерге тыйым салды

Осы шеңберде тыйым салынған елдер саны 73-ке жетті.

1388374
Жапония кейбір елдерге тыйым салды

Жапонияда коронавирустың жаңа түріне байланысты Америка Құрама Штаттары,  Қытай, Оңтүстік Корея және Еуропаның көп елінен келетін жолаушыларға тыйым салынғаны хабарланды. 

Жергілікті баспасөзде жарияланған хабарларға қарағанда,  баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Сыртқы істер министрі Мотеги Тошимитсу Жапонияға кіруіне тыйым салынған ел азаматтары тізімінің ауқымының кеңейтілгенін білдірді. 

Министр АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және Еуропаның барлығына дерлік елдерінде соңғы 14 күн болған жолаушылардың Жапонияға кіруіне тыйым салынғанын айтты. 

Осы шеңберде тыйым салынған елдер саны 73-ке жетті. 

Сонымен қатар баруға болмайтын елдер тізімі де жаңаланды. Осы шеңберде Жапония азаматтарына АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея секілді елу елге бармау үшін ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар