Путин мен Трамп телефонда сөйлесті

Владимир Путин мен Дональд Трамп жаңа типті коронавирус індеті және жаһандық мұнай нарқындағы соңғы жағдайды кеңесті.

1387951
Путин мен Трамп телефонда сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа типті коронавирус індеті және жаһандық мұнай нарқындағы соңғы жағдайды кеңесті.

Ресей Президенттік сарайы Кремльден жасалған жазбаша мәлімдемеде президент Путин мен Дональд Трамптың телефонда сөйлескені білдірілді. 

Мәлімдемеде:

"Президент Путин мен президент Дональд Трамп жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің салмағына байланысты уайымдарын тілге тиек етті және аталмыш қауіпке қарсы Ресей мен АҚШ елдерінде жасалған шаралар тақырыбында өзара мәлімет алысты. Екі ел арасында осы бағытта тіпті тығыз ұйымшылдық жасау мүмкіндіктерін талқылады" деп көрсетілді.

Телефондағы кеңесте екі лидердің жаһандық мұнай нарқындағы дамуларды да талқылағаны және осы тақырыптағы келіссөздерді жалғастыру жөнінде ауызбіршілікке келгені білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар