Батыста өлім-жітім артып отыр

Коронавирустан сауығып шыққан  102 жасар Италика Грондона “Үміттің символына” айналды.

1387319
Батыста өлім-жітім артып отыр

Жаңа типтегі коронавирус салдарынан өлім-жітім саны 34 мыңнан,  оқиға саны 700 мыңнан асты. 

Италияда Covid-19 салдарынан қайтыс болған адам саны соңғы 24 сағатта 756 артып, 10 мың 779 -ға жетті. Сонымен қатар Генуа қаласында коронавирустан сауығып шыққан  102 жасар Италика Грондона “Үміттің символына” айналды.

Францияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны соңғы 24 сағатта  292 артып, 2 мың 606 -ға жетті. Елде вирус анықталған кісі саны 2 599 артып,  40 мың 174-ке, реанимацияда емеліп жатқандардың саны 4 632-ге шыққаны, 7 132 науқастың емделіп шыққаны білдірілді. Осы арада ақпан айында эвангелисттердің шіркеуінде діни жиынға қатысқан мың адамда коронавирустың жаңа түрі анықталды. Осы кісілердің вирусты түрлі қалаларға жайғаны,  діни жиынға қатысқан бір медбикенің вирусты 250 медициналық қызметкерге жұқтырғаны хабарланды. Жергілікті баспасөз президент Эммануэль Макронның да діни жиын болған күні сол қалаға барғанын жазды. 

Германияда жұқпалы аурулар саласында жұмыс істеген Роберт Кох Институты төрағасы Лотар Виелер “Ауруханаларды мүмкіндігінше дайындауымыз керек. Реанимация төсектерінің әлеуетінің кемінде екі есе арттырылуы керек” деді. 

Бір күнде өлім-жітім 209 артып,  1228-ге, оқиға саны 2 433-ке артып,  17 089-ға шыққан Ұлыбританияа Ұлттық Медицина директорының орынбасары Др. Дженни Хариес өлім-жітімнің келесі екі аптада артатынын ескертті.  Ол сақтық шаралары сақталса, артынан өлім санының азаятынын айтты. 

Америка Құрама Штаттарында да өлім-жітім саны 480 -ге артып, 2 191 болды.  Тек Нью-Йоркта бір күнде 7 195 оқиғамен вирусты жұқтырып алған саны 60 мыңға жақындады.  Ел көлемінде қызмет беретін қауіпсіздік күштеріне де вирус жұққаны білдірілді. Бүгінге дейін 690 полиция қызметкеріне вирус диагнозы қойылды.  Ауруханаға жатқызылған полиция қызметкерлерінің екеуі қайтыс болды. АҚШ полиция органы, өрт сөндірушілер одағы президент Дональд Трампқа хат жолдап,  жеткілікті қорғаушы жабдық қамдалуы үшін Корея соғысы кезінде жүзеге асырылған Қорғаныс өндіріс заңын іске қосуын сұрады.

 16 адам қайтыс болған Австралияда болса коронавирус жұққан адам саны  3 969 -ға жетті. 



Ұқсас жаңалықтар