Италияндық науқастар Германияға апарылды

Германия Италияның сұранысы бойынша коронавирус жұқтырған адамдарды емдеу үшін еліне апарды.

1386845
Италияндық науқастар Германияға апарылды

Неміс әскери әуе күштері Италияның Бергамо қаласынан коронавирус (Covid-19) науқастарын алып, емдеу үшін Германияға апарды.

«Airbus 310 August Euler» жедел жәрдем ұшағымен Кельн-Ван әскери әуежайына қонған ұшақтағы науқастар Бохум және Бондағы ауруханаларға жеткізілді.

Италияда жан сақтау бөлімшелерінде төсек пен респираторлардың жеткіліксіздігінен көптеген науқас дәрігерлердің қарауынсыз көз жұмғаны себепті Италия Германиядан көмек сұрады.

Осы сұраныстың артынан Германияға алғашқы науқас тасымалдауы басталды.



Ұқсас жаңалықтар