Трамп Джонсонға жедел шипа тіледі

Ақ Үйдің мәлімдемесіне қарағанда,  Трамп пен Джонсон телефон арқылы сөйлесті.

1386578
Трамп Джонсонға жедел шипа тіледі

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп  жаңа типтегі коронавирус жұқтырып алған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлесіп, “жедел шипа” тіледі. 

Ақ Үйдің мәлімдемесіне қарағанда,  Трамп пен Джонсон телефон арқылы сөйлесті. 

Трамп Джонсонға жақын достығы үшін алғыс айтты және жедел шипа тіледі. 

Екі басшы сонымен бірге халықаралық серіктестіктер арқылы коронавирусты жеңу және жаһандық экономиканың жандандырылуы үшін жақын ынтымақтастық жасауға келісті. Олар АҚШ пен Ұлыбританияның осы эпидемиядан мықты болып шығатынына деген сенімдерін қайталады. 

Джонсон кеше видео жолдауында соңғы 24 сағаттан бері жеңіл белгілер сезіне бастағанын,  осыған орай тест жасалып, тестінің позитив шыққанын айтқан болатын. 

Ұлыбритания премьер-министрі өзін карантинге алғанын білдіріп,  үкімет жұмыстарын видео конференция әдісімен жүргізетінін айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар