АҚШ ғарышқа жер серіктері ұшырды

АҚШ Ғарыш күштері коммуникациялық жер серіктерін тасыған алғашқы тасығыш-зымыранды ғарышқа ұшырды

1386142
АҚШ ғарышқа жер серіктері ұшырды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) өткен жылы құрылған Ғарыш күштері коммуникациялық жер серіктерін тасыған алғашқы тасығыш-зымыранды ғарышқа ұшырды.

АҚШ Ғарыш күштерінің ресми твиттер парақшасынан коммуникациялық жер серіктерін тасымалдаған зымыранның Флорида штатындағы Канаверал (Cape Canaveral) ғарыш айлағынан ұшырылғаны атап көрсетілді.

Калифорниядағы Ғарыш пен зымыран жүйелері орталығы директоры генерал Джон Ф. Томсон, жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясына қарамастан АҚШ Ғарыш күштерінің «Atlas V»  тасығыш-зымыранының, 6 мың 168 килограмма салмағындағы жер серіктерімен ғарышқа ұшырылғанын білдірді.

АҚШ презилденті Дональд Трамптың Ұлттық Қорғаныс туралы заң ретінде атап көрсетілген 2020 қорғаныс бюджетін бекітуімен АҚШ Ғарыш күштері қолбасшылығы желтоқсан айында ресми түрде құрылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар