Ресей ұшағы Қаратеңізде құлады

Ресейге қарасты СУ-27 соғыс ұшағы Қаратеңізде құлады.

1385081
Ресей ұшағы Қаратеңізде құлады

Ресейге қарасты СУ-27 соғыс ұшағы Қаратеңізде құлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде жергілікті сағат 20.10-да Қаратеңіз үстінен Қырымның 50 километр су айдынында СУ-27 соғыс ұшағының жоспарлы ұшу барысында радардан ғайып болғаны және бір минуттан кейін аймақтан шұғыл құтқару сигналы алынғаны білдірілді. 

Оңтүстік әскери аймағынан бір топтың іздеу-құтқару жұмыстары үшін аймаққа жолданғаны хабарланған мәлімдемеде:

"Алғашқы анықтамаларға қарағанда ұшақ теңізге құлаған. Ұшқышты іздеу жұмыстары нашар ауа райы себепті қиындады" деген мәлімет берілді.  



Ұқсас жаңалықтар