Батыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрі жол ашқан өлім саны әлем көлемінде 21 мыңға жетті.

1385245
Батыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрі жол ашқан өлім саны әлем көлемінде 21 мыңға жетті. 

Италияда вирустан қайтыс болғандардың саны соңғы 24 сағатта 683 -ке артып, 7503 -ке жетті. Елде сауығып кеткендерді де қосқанда вирус жұққандардың саны 74 386 болды.  Жергілікті баспасөзге шыққан хабарларға қараанда, тағы алты дәрігер вирустан қайтыс болды. Елде эпидемия басталған 21 ақпан күнінен бері қайтыс болған медициналық қызметкер саны 31-ге жетті. Премьер-министр Джузеппе Конте коронавирустың жаңа түрін “Үйлерімізге енген, бізді адамдар арасындағы қатынастарды қайта қарауға мәжбүр еткен,  достардан күдіктенуімізге жол ашқан көрінбейтін жаумен күресудеміз” деген сөздермен атады. 

Сovid-19 эпидемиясымен байланысты  3434 өліммен ең көп адам өлген екінші ел қатарына енген Испания НАТО-дан көмек сұрады. Елде 47 мың 610 науқас бар екені, олардың 5 мың 400-інің медициналық қызметкер екені белгілі. 

Франциядағы вирустан қайтыс болған адамдар саны соңғы 24 сағатта 231-ге артып,  1331болды. Осы арада елдегі бір сауалнама халықтың 73 пайызының үкіметтің коронавирус дағдарысын жеңуге дайын еместігі пікірінде. Сауалнамаға қарағанда эпидемиядан үрейленген адамдар саны 87 пайыз. 

 Нидерландыда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны соңғы 24 сағатта 80 адам артып, 356-ға жетті,  оқиға саны болса шамамен 7 мың. 

Ұлыбританияда қайтыс болғандар саны 465-ке жетті. Оқиға саны 9 мың  529 болды. Елде 135 азамат сауығып шықты. 

Венгрияда болса он адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың бірі - Ұлыбританияның Венгриядағы өкілетті елшісінің орынбасары 37 жасар Стивен Дик. 

Жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы Америка Құрама Штаттарында 802 адамның қайтыс болуына жол ашты. Жұқтырған саны 55 238 болып тіркелді. Америка армиясында оқиға саны күрт артты. 

Сovid-19 эпидемиясы себебімен Канадада қайтыс болғандардың саны 33-ке жетті.  Жұқтырған адам саны 3 мың 292-ге жетті. 53 жасар бір әйел үйде карантинде отыруға қарсы шыққандықтан қамауға алынды.



Ұқсас жаңалықтар