Тунис Италияның жүк кемелерін тәркілегенін білдірді

Тунис Сауда министрі Мұхаммед әл-Мусейлини еліне медициналық алкоголь тасымалдаған бір жүк кемесін Италия тәркілегенін айтты.

1384333
Тунис Италияның жүк кемелерін тәркілегенін білдірді

Тунис Сауда министрі Мұхаммед әл-Мусейлини еліне медициналық алкоголь тасымалдаған бір жүк кемесін Италия тәркілегенін айтты.

Мұхаммед әл-Мусейлини жергілікті телеарнада жасаған мәлімдемесінде:

"Италиандар Туниске келе жатқан медициналық алкоголь тасымалдаған бір жүк кемесін тәркіледі" деді.

Бұл оқиғаны Қытайдан Италияға медициналық маска тасымалдаған бір жүк көлігінің Чехияда тосып алынуына ұқсатқан Мусейлини:

"Күллі Еуропа елдері ауыр алаң ішінде. Барлығы коронавирутан қорыққанынан медициналық жабдықтарды ұрлауда" деді.

Тунистік министр кеменің қайдан келгенін айтпады, алайда Тунис ұйымдары осының алдында Қытайдың медициналық жабдықтар жолдайтынын хабарлаған болатын. 

Чехия ұйымдары өткен апта Қытай Италияға жолдаған және Лосовис қаласында 110 мың маскалық медициналық жәрдемді тәркілеген болатын.

Екі ел арасындағы дағдарыс Чехияның Италияға ұқсас мөлшерде маска жолдайтынын жариялауынан кейін шешілді. 



Ұқсас жаңалықтар