Еуропа елдерінде көз жұмған адам саны күн сайын артуда

Италияда жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны  6 мың  820-ға көтерілді.

1384562
Еуропа елдерінде  көз жұмған адам саны күн сайын артуда

Еуропа елдерінде вирус салдарынан көз жұмған адам саны күн сайын артуда

Италияда жаңа типті коранавирус салдарынан  соңғы 24 сағатта  тағы 743 адам қайтыс болды.

Мемлекет   көлемінде көз жұмғандар саны  6 мың  820-ға көтерілді.

Мемлекетте мәжбүр болмаған жағдайда көшеге шыққандарға  3 мың евроға дейін ақшалай жаза беру шешімі қабылданды. 

Испанияда соңғы 24 сағатта жаңа типті коронавирус салдарынан көп адам қайтыс болды. 

Мемлекетте вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 2 мың  696-ға және оқиға саны  30 мың 673-ке ұласты. 

Испания үкіметі НАТО-дан медициналық жабдықтар талап етті. 

Францияда соңғы 24 сағатта вирустан тағы 240  адам көз жұмды. Осылайша қайтыс болған адам саны 1100 болды. 

Францияда бір күнде, қысқаша айтқанда бір сағатта 10 адам коронавирустан көз жұмуда. Кейбір қалаларда індет салдарынан аурухаанларда төсек жетіспеуде. Испания әкімшілігі Еуропа тұрақтылық пакетін іске қосылуын талап етті. 

Германияда соңғы 24 сағатта тағы 39 адам қайтыс болды. Мемлекетте жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 155-ке жетсе, оқиға саны  33 мыңға көтерілді. Кейбір провинцияларда көшеге шығу жазасы  25 мың евроға дейін шығарылды. 

Бельгияда оқиға саны 5 мыңға ұласты. 

Ұлыбританияда  вирус салдарынан 422  адам көз жұмды. Мемлекетте оқиға саны 8 мыңға жетті.

Австралияда жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмған  адам саны 28-ге ұласса, оқиға саны  4 мың 876-ға көтерілді.  

Вирус салдарынан көз жұмған адам саны Польшада 9-ға, Чехте  2-ге шықты.  

Америка Құрама Штаттарында вирус салдарынан 611 адам қайтыс болды. Мемлекетте оқиға саны  50 мыңнан асты. 

Эквадорда жаңа типті коронавирустан көз жұмған адам саны 27-ге және оқиға саны  1049-ға көтерілді.  

 

 



Ұқсас жаңалықтар