Германия халықаралық ынтымақтастыққа шақырды

Хайко Маас жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте халықаралық ынтымақтастық жасауға мұқтаждық артқанын айтты.

1384316
Германия халықаралық ынтымақтастыққа шақырды

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте халықаралық ынтымақтастық жасауға мұқтаждық артқанын айтты.

Хайко Маас украиналық әріптесі Дмитрий Кубеламен видеоконференция арқылы кездескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде әлемдегі коронавирус індеті және Украинаның шығысындағы жағдайды кеңескендерін білдірді.

Коронавирус індетінің жаһандық сынақ екенін тілге тиек еткен Маас:

"Коронавируспен күресте ұлттық салада алынған шаралармен қоса, халықаралық ынтымақтастыққа да мұқтаждық бар" деді. 

Коронавирустың шекараларда тұрмайтынын атап айтты неміс министр.

Хайко Маас:

"Украинаның шығысындағы гуманитарлық трагедияның асқынуын бірге тосуымыз керек" деп көрсетті.

6 жылдың алдында Қырымның заңсыз түрде Ресей тарапынан басып алынғанын білдірген неміс министр Германияның әрқашан Украинаның территория тұтастығын қолдап келгенін дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар