Чадта террор шабуылы: 92 әскер қаза тапты

Чад президенті Идрис Деби шабуылда 47 әскердің де жарақат алғанын білдірді.

1384582
Чадта террор шабуылы: 92 әскер қаза тапты

Орталық Африка мемлекеті Чадта Боко Харам террор ұйымының армия бөлімшесіне ауыр қарулармен шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 92 әскер қаза тапты, 47 әскер жарақат алды.

Чад президенті Идрис Деби шабуыл аймағында жасаған мәлімдемеде Чад көлі уәлаятына қарасты Боума қаласында террористтердің әскери бөлімшеге шабуылдағанын, шыққан қақтығыстың шамамен 5 сағатқа жалғасқаны білдірілді.

Шабуылда кем дегенде 92 әскердің қаза тапқаны, 47 әскердің жарақат алғанын жеткізген президент Идрис Деби «Алғаш рет соншама көп жаннан айрылдық. Бұған жауабымыз қатал болады» деді.

Жергілікті баспасөзге қарағанда шабуыл кезінде қолдау үшін жіберілген бір соғыс ұшағының атқыланғаны себепті қайта базасына оралды.

Армия аймақтың толығымен бақылау астына алынғанын жариялады.

Батыс Африка елі Нигерияның солтүстік шығысында да Боко Харам террор ұйымы мүшелерінің шабуылында 50 әскер қаза тапты, көптеген әскер жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар