Хафтерге қарасты күштер Триполиге шабуылдады

Шабуылдың артынан бір үйдің үйінділері астынан екі жас қыздың мәйіті шығарылды.

1384012
Хафтерге қарасты күштер Триполиге шабуылдады

Ливияның шығысында Халифа Хафтерге қарасты қарулы күштер Триполидің оңтүстігіне шабуылдады. Шабуылда екі жас қыз қаза тапты.

Хафтерге қарасты қарулы күштер Халлет Эн-Нұр аймағында жасаған шабуылда бір үй қирады. Үйінділер арасынан 2 жас қыздың мәйіті шығарылды.

Ливия Ұлттық Үкімет әскери жасақтары мәлімдемешісі полковник Мұхаммед Кунуну «Ашу вулканы» операциясының ресми Фейсбук парақшасында орын алған мәлімдемесінде Хафтерге қарасты жасақтардың жалған бітім жариялауының артынан 48 сағат ішінде жасаған шабуылдар да 6 адамның қаза тауып, 6 адамның жарақат алуына себеп болғанын атап көрсетті.

Халифа Хафтер күштерінің мәлімдемешісі Ахмед әл-Мисмари 21 наурыз күні жасаған баспасөз мәлімдемесінде Хафтердің БҰҰ мен Еуроодақ елдерінің коронавирус себепті жасаған гуманитарлық бітім туралы ұсынысын құптағандарын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар