Эбола дәрісі коронавирус үшін сыналады

Эбола вирусын емдеуде қолданылған "Remdesivir" атты дәрі коронавирусты емдеу үшін сыналады.

1383584
Эбола дәрісі коронавирус үшін сыналады

Жапонияда зерттермендер Эбола вирусын емдеуде қолданылған "Remdesivir" атты дәрінің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себеп болған өкпе қабынуын емдеудегі әсерін анықтау мақсатымен клиникалық жұмыстарды бастады.

Жаһандық Денсаулық және Медицина ұлттық орталығының төрағасы Норио Омагари Эбола вирусын емдеуде қолданылған "Remdesivir" атты дәрінің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себеп болған өкпе қабынуын емдеудегі әсерін анықтау мақсатымен клиникалық жұмыстарды бастайтынын жариялады.

Наурыз соңына қарай басталуы жоспарланған жұмыста АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапурдағы медициналық ұйымдар бірлесіп 440 науқасқа сынақ жасайды.

Бұрын "HIV" вирусы, тұмау және демікпе сияқты ауруларды емдеуде қолданылған кейбір дәрілердің коронавирус (Сovid-19) індетінің әлсіреуіне септігін тигізгенімен, вирустың клиникалық жақтан дәлелденген бір емдеу жолы жоқ.

Түрліше дәрілердің клиникалық зерттеулері жалғасып жатыр. 



Ұқсас жаңалықтар