Иранда 7 уәлаятта су тасқыны болды

Иранда 7 уәлаятта болған су тасқындарында қаза тапқандар саны 7-ге ұласты.

1383183
Иранда 7 уәлаятта су тасқыны болды

Парсы хабар агенттігіне қарағанда Иран Төтенше жағдайлар жәрдем мекемесі мәлімдемешісі Мүджтеба Халиди «Нөсер жауын салдарынан Хүрмүзган, Бушехр, Парсы, Систан-Белучистан, Құм, Гийлан және Кирман уәлаяттарында су тасқындары болды. 7 адам қаза тапты, 9 адам жарақат алды» деді.

Халиди Хүрмүзган уәлаятына қарасты Рудан ауданында болса 2 адамның жоғалғанын атап көрсетті.

Иран Төтенше жағдайлар жәрдем мекемесі мәлімдемешісі Халиди кеше жасаған мәлімдемеде су тасқынында 3 адамның қаза тапқанын, 3 адамның да жарақат алғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар