Ресейге шетел азаматтары қабылданбайды

Мәдениет министрлігіне қарасты мұражай, көрме және концерт залдары жабылды.

1380560
Ресейге шетел азаматтары қабылданбайды

Ресей вице-премьері Татьяна Голикова елде Covid-19 жұқтырған адам санының 114-ке жеткенін білдірді. 

Сыртқы істер министрлігі де бүгіннен мамыр айының бірі күніне дейін шетел азаматтарының елге келуінің тоқтатылғанын жариялаған болатын. 

Мәдениет министрлігіне қарасты мұражай, көрме және концерт залдары жабылды. 

Еңбек министрлігі де мемлекеттік органдар және муниципалитеттерде қызмет ететіндер үшін алыстан жұмыс істеу жүйесіне көшуге кеңес берді. 

Украина Теміржолдары компаниясы да ертеңнен бастап вокзалдардың жолаушыларға жабылатынын білдірді. 

Молдова парламенті болса Covid-19-ға байланысты 15 мамырға дейін төтенше жағдай жариялады.



Ұқсас жаңалықтар