Қытайда бір дәрінің коронавирусқа пайдалы екені айтылды

Қытайдағы клиникалық сынақтар бір дәрінің коронавирустың жаңа түріне қарсы емдеуде ықпалды екенін көрсетті.

1380468
Қытайда бір дәрінің коронавирусқа пайдалы екені айтылды

Қытайдағы клиникалық сынақтар “Favipiravir”  атты бір дәрінің коронавирустың жаңа түріне қарсы емдеуде ықпалды екенін көрсетті. 

Қытайдың CGTN арнасының хабарына қарағанда, Қытай Ұлттық Биотехнология зерттеу орталығының төрағасы Ганг баспасөз брифингін беріп, Шензен қаласында коронавирус жұғып айырған 80 кісіге клиникалық сынақ жүргізілгенін білдірді. 

Ганг сынақта “Favipiravir” атты дәрінің жеңіл науқастар үшін сауығып кету мерзімін 11 күннен  4 күнге азайтқанын көргендерін білдірді. 

Ол Ухан қаласында жүргізілген басқа бір клиникалы сынақта дәрінің жоғары температураны 4,2 күннен  2,5 күнге азайтқанын анықтағандарын айтты. Ганг дәрінің маңызды жанама әсері байқалмағанын да қоса айтты. 

Ганг “Favipiravir дәрісі 2014 жылдан бері Жапония нарығында бар” деді.



Ұқсас жаңалықтар