"Сovid-19" эпидемиясына қарсы адамдарға вакцина егу сынағы басталды

Алғашқы егу сынағы Сиэтлдегі Кайзер Перманенте атындағы зерттеу институтында басталды.

1379704
"Сovid-19" эпидемиясына қарсы адамдарға вакцина егу сынағы басталды

Жаңа коронавирус (Сovid-19)  эпидемиясына қарсы адамдарға алғаш вакцина егу сынақтары басталды.

АҚШ Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институты жасаған (NIAID) мәлімдемеде коронавирусқа қарсы жетілдірілген вакцина сынаққа өз еркімен қосылған 43 жасар Дженниффер Галлер атты бір әйелге егілді.

Алғашқы егу сынағы Сиэтлдегі Кайзер Перманенте атындағы зерттеу институтында басталды.

Ұлттық Денсаулық сақтау институты жасаған мәлімдемеде «Ашық клиникалық жұмыс шамамен 6 апта бойынша 18-55 жас аралығындағы 45 ересек еріктінің қатысуымен жүзеге асады» делінді.

Еріктілердің вакцинаның ықпалды және сенімді болып болмағанын анықтау үшін әртүрлі сатылардан өтуі міндетті.

АҚШ-тық лауазымдылар егер барлық жоспар бойынша жалғасқан жағдайда, вакцинаның бір немесе 1,5 жылда дайын болатынын атап көрсетуде.

Вакцина Кайзер Перманенте атындағы зерттеу институты ғалымдары мен замандас биотехнология фирмасы тарапынан жетілдірілді. Эпидемияларға қарсы дайындық коалициясы (CEPI) болса сынақты өткізу үшін фонд құрып, қаржы қамтамасыз етті.



Ұқсас жаңалықтар