Францияда сайлаушылардың 54,5 пайызы дауыс беруге бармады

Президент Макрон басшылық жасаған Республикалық қозғалыс партиясы сайлаудың алғашқы турында жеңілді.

1378933
Францияда сайлаушылардың 54,5 пайызы дауыс беруге бармады

Францияда болып өткен жалпы халықтық сайлаудың алғашқы турында құрушылар құрамында президент Эммануэль Макрон да бар биліктегі Республикалық акция  қозғалысы (LREM) жеңілді.

Дауыс бермегендер мөлшерінің 54,5 пайыз екені анықталды. Француздардың жартысынан астамы жаңа коронавирус (Сovid-19) эпидемисынан қорыққаны себепті сайлау орталықтарына бармағаны білдірілді.

Сайлауды алғашқы турында «LREM» елдің маңызды қалалары мен муниципалитеттердің көпшілігінде табысқа жете алмады. Сауалнамалар Жасылдар партиясы (EELV) үміткерлерінің көптеген үлкен қалада сайлаудың алғашқы турын бірінші орында аяқтап, екінші турға өткенін көрсетеді.

Премьер-министр Эдуардо Филиппе ұйымдастырған баспасөз жиналысында дауыс берген сайлаушы санының осыншама аз болуына коронавирус эпидемиясының алаңдатуы екенін атап, мамандар және саяси партиялардың басшыларымен бас қосқан соң 22 наурыз күні болып өтетін екінші турды кейінге қалдыруға шешім қабылдайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар