Атақты актриса "Сovid-19" инфекциясын жұқтырғанын жариялады

Украиналық атақты актриса Ольга Куриленко "Сovid-19" инфекциясын жұқтырғанын жариялады.

1379024
Атақты актриса "Сovid-19" инфекциясын жұқтырғанын жариялады

40 жасар фильм жұлдызы Куриленко әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Анализ нәтижесінде вирус жұқтырғанымды байқаған соң өзімді үйіме қамадым.

Негізінде 1 аптадан бері ауырып отырмын. Негізгі белгілерім дене қызуымның артуы және әлсіздік. Өзіңізді абайлаңыз» деді.

Ольга Куриленко Джеймс Бонд фильм сериалында «Quantum Solace» атты фильмде ойнаған болатын. Куриленко сондай-ақ Рассел Кроудың Дарданельде түсірген «Соңғы үміт» (Water Diviner) атты фильмде Йылмаз Эрдоған және Джем Йылмазбен бірге «Айше» кейіпкерін сомдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар