Жаңа Зеландиядағы мешіт шабуылы құрбандары еске алынды

Түркия 15 наурызды «Исламофобияға қарсы халықаралық ынтымақтастық күні» ретінде қабылдау жайлы шақыруын қайталады.

1378418
Жаңа Зеландиядағы мешіт шабуылы құрбандары еске алынды

Түркия Жаңа Зеландияның Крайсчерч (Christchurch) қаласындағы мешіттерге шабуыл жасалған 15 наурыз күнін «Исламофобияға қарсы халықаралық ынтымақтастық күні» ретінде қабылдау жайлы шақыруын қайталады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Крайсчерчте өткен жылы 15 наурыз күнгі террор шабуылы құрбандары мен араларында түрік азаматтары да бар 51 адамның құрметпен еске алынғанын білдірді.

Шабуылда араларында екі түрік азаматы да бар 50 адамның жарақат алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде 22 наурыз күні Стамбулда Сыртқы істер министрлері деңгейінде болып өткен Ислам Ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Жедел жағдайлар комитеті жиналысы еске салынды. Мәлімдемеде «Аталмыш жиналыста қабылданған және жалғасында 2019 жылы мамыр айында Меккеде ұйымдастырылған 14-ші ИЫҰ саммитінде қабылданғандай 15 наурыз күнінің БҰҰ-нан бастап аймақтық және халықаралық мекемелер тарапынан «Исламофобияға қарсы халықаралық ынтымақтастық күні» ретінде қабылдануы жайлы шақыруды осы себептен қайталаймыз» делінді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу твиттер арқылы мәлімдемесінде опасыз шабуылда қаза тапқан Зекерия Туян мен барлық мұсылмандарға Алладан рақымын тіледі.

Ислам дұшпандығына «тоқта» деу керектігін білдірген Чавушоғлу «15 наурыз күні Исламофобияға қарсы ынтымақтастық күні деп аталсын» деп шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар