Сирия соғысының басталғанына он жыл болды

11 миллион адам көмекке зәру

1377553
Сирия соғысының басталғанына он жыл болды

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Сирия дағдарысы жайлы: «Соғыстың оныншы жылының да қырғынмен,  адам құқықтары және халықаралық гуманитарлық құқықты елемей, сонымен бірге адамдыққа жатпайтын істермен аяқталуына жол бермейміз» деді.

Бас хатшы жазбаша хабарлама жариялап,  Сирияда 9 жыл бойы соғыс қылмыстары секілді қорқытышты зұлымдықтарға және адам құқықтарын жүйелі түрде бұзушылықтарға куә болғандарын білдірді. «Соғыстың оныншы жылының да қырғынмен,  адам құқықтары және халықаралық гуманитарлық құқықты елемей, сонымен бірге адамдыққа жатпайтын істермен аяқталуына жол бермейміз» деді ол.

Гутерреш Сирияда соғыстың басталғанына он жыл болғанын,  бейбітшіліктің әлі «алыста» екенін атап көрсетті.

Сирия халқының жартысынан көбінің елден кетуге мәжбүр болғанын және миллиондаған адамның әлі сенімде еместігін айтқан Гутерреш 11 миллион адамның гуманитарлық көмекке зәру екеніне назар аударды.

«Мыңдаған адам жоғалып кеткен, қамауда жәбірленіп,  азап шегуде. Қаза тапқан және жараланғандардың саны белгісіз.  Бұлар жазасыз қалмауы қажет» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар