Ангела Меркельден маңызды шақыру

Ол халықтан мүмкіндігінше байланыстан аулақ болуды сұрады.

1377662
Ангела Меркельден маңызды шақыру

Германия канцлері Ангела Меркель жаңа типтегі коронавирустың жылдам тарауына байланысты мүмкіндігінше байланыста болудан аулақ тұруды сұрады.

Меркель 16 уәлаят премьер-министрімен коронавируске байланысты жиналыс өткізгеннен кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты. Ол асығыстығы жоқ шараларды болдармауға шақырды.

Неміс канцлер балабақша мен мектептерді уақытша жабуға байланысты 16 уәлаятта түрлі күнтізбек бар екенін айтып,  әзірге жабылмайтынын,  бірақ пасха демалысын ерте бастату мүмкін екенін білдірді.

«Бұл тарихтағы аз ғана уақыт тілімі,  бірақ бізден көп нәрсе талап ететін уақыт» деді ол.

«Адамдарды аман алып қалу – біздің міндетіміз. Сонымен бірге экономиканың да жұмыс істеп тұруын қамдау» деді канцлер.

Ол эндеттің экономика жүйесі із қалдыратынын айтып: «Бұл біз үшін де белгісіз сынақ, қозғалу қабілеті жоғары эпидемиямен арпалысудамыз.  Жұқтырған адам саны жылдам артуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар