Ердоғанның сапары орыс баспасөзінде

Орыс баспасөзі екі елдің Сирияның егемендігі мен территория тұтастығын қорғау керектігі тұғырын көрсеткенін жазды.

1373686
Ердоғанның сапары орыс баспасөзінде

Орыс баспасөзінде президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі Сирияның Идлиб аймағындағы жағдайды жақсартуға жәрдемші болатынына назар аударылды.

Орыс ақпараты Мәскеуде өткен Ердоған мен Путиннің кездесуін бағаландырды.

Ведомости газеті:

"Ресей мен Түркия Идлибте атысты тоқтатуға келісті" деген тақырыппен берген хабарында екі елдің ортақ құжатта келіскенін басты орынға шығарды.

Известия газеті саммитті "Атысты тоқтату процесі: орыс және түрік лидер жаңа құжатта келісті" деген тақырыппен берген хабарында екі елдің ортақ құжатта келісімге келгенін жазды. 

Российская газеті кездесудің 6 сағат жалғасқанына назар аударып, екі басшының Идлиб мәселесіне байланысты келісімінің бейбітшілік процесіне қол жеткізетінін атап көрсетті.

Орыс хабар агенттігі ТАСС:

"Ресей мен Түркия Идлибтегі жағдайға шешім тапты" деп атаған хабарында екі елдің  де Сирияның егемендігі мен территория тұтастығын қорғау керектігі тұғырын көрсеткенін жазды.



Ұқсас жаңалықтар