290 миллион оқушы білім алудан қалды

ЮНЕСКО деректеріне қарағанда Сovid-19 салдарынан 13 елде мектептерде сабақ тоқтап қалды.

1372437
290 миллион оқушы білім алудан қалды

БҰҰ жаңа типтегі коронавирустың 290 миллионнан астам оқушының білім алуына кедергі жасағанын білдірді.

ЮНЕСКО деректеріне қарағанда Сovid-19 салдарынан 13 елде мектептерде сабақ тоқтап қалды.

Мектептерде сабақ тоқтап қалған елдер арасында Армения, Әзербайжан, Бахрейн, Қытай, Солтүстік Корея, Иран, Ирак,  Италия,  Жапония, Кувейт, Ливан,  Моңғолстан, Біріккен Араб Әмірліктері орын алды.

Осы елдерде барлығы 290,5 миллион оқушының білімі шала қалды.

ЮНЕСКО бас директоры Одри Азулай «Медициналық жағдай және басқа да дағдарыстар салдарынан мектептердің уақытша жабылып қалуы жаңа оқиға емес,  бірақ қазіргі олқылықтың жаһандық көлемі мен жылдамдығын ойлап қарағанда,  бұл жағдайдың созылуы білім алу құқығына қауіп төндіреді» деді.

ЮНЕСКО осы тақырыптағы стратегияларды қолға алу мақсатында білім беру министрлері деңгейінде 10 наурыз күні кезектен тыс жиналады.



Ұқсас жаңалықтар