Гректердің 1942 жылы Сирия жерін паналағаны ортаға шықты

Сириялық босқындарды қабылдамаған гректердің кезінде Сирия жерін паналағаны ортаға шықты.

1371009
Гректердің 1942 жылы Сирия жерін паналағаны ортаға шықты

Хүррийет газетінде жарияланған Муса Кеслердің хабарына қарағанда бүгін еліне қабылдамай, сириялық босқындарды атып өлтірген гректердің 1942 жылы ұлтшыл немістерден қашып, Сирияны паналағаны ортаға шықты.

Хабарға қарағанда Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) кезінде неміс ұлтшылдарының Грекияны басып алу кезеңінде гректер Сирияда өздері үшін құрылған босқын лагерьлерін паналаған.

1942 жылғы «Бұл жер - Иерусалим» атты газеттің бірінші бетінде Сирияның Алеппо қаласына қарасты Нейрап ауданында грек босқындар үшін құрылған бір лагерьде сириялықтардың «қонақжайлығымен» киім-кешек және азық-түлік жәрдемі жасағаны түсіндірілуде.

Аталмыш кезеңде Түркия ашаршылық пен кедейлікке түскен Грекияға жүк көліктерімен гуманитарлық жәрдем жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар