Митига әуежайының қоймасы өртенді

Әбу Шевкет Митига әуежайына атылған 25 зымыран себепті қоймада өрт шыққанын айтты.

1368841
Митига әуежайының қоймасы өртенді

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтерге қарасты сарбаздардың астана Триполидегі Митига халықаралық әуежайына шабуылы салдарынан бір қойма өртенді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан танылған Ұлттық келісім үкіметіне қарасты Авиация және коммуникация хатшысы Хишам Әбу Шевкет Митига халықаралық әуежайына атылған 25 зымыран себепті қоймада өрт шыққанын айтты.

Әбу Шевкет Митига әуежайына шабуылдар себепті қоймадағы өртті сөндіре алмағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар