Триполиге жасалған зымыран шабуылында 3 адам жарақат алды

Төңкерісшіл Халифа Хафтерге қарасты күштер Триполидің оңтүстігіне зымыран шабуылы жасады.

Триполиге жасалған зымыран шабуылында 3 адам жарақат алды

Ливияның шығысындағы төңкерісшіл Халифа Хафтерге қарасты қарулы топтардың Триполидің оңтүстік аймақтарына жасаған зымыран шабуылында кем дегенде 3 жазықсыз адам жарақат алды.

Ливия Ұлттық Үкіметіне қарасты «Ашу вулканы операциясы баспасөз орталығының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Хафтерге қарасты топтар Триполидің Себа, Салахаддин және Айн-Зара аймақтарындағы тұрғын аймақтарына «Grad» зымырандарымен шабуылдады.

Себа аймағына кем дегенде 5, Салахаддин және Айн-Зара аймақтарына бір бірден барлығы 7 зымыран құлады. Салахаддин аймағына құлаған зымыранның Суккер ауруханасы маңына құлағаны білдірілді.

Шабуылда біреуі ауыр күйде барлығы 3 жазықсыз адам жарақат алды. Лауазымдылар зымыран шабуылының аймақтарға материалды зиян келтіргенін атап көрсетті.

Айдың басынан бері Триполидің оңтүстігіндегі жазықсыз тұрғын аймақтарына атылған зымырандар себепті 5 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар