Рухани: АҚШ санкциялары жаңа коронавирус сияқты

Хасан Рухани Австрия Сыртқы істер министрі Александр Шелленбергті қабылдады.

1364873
Рухани: АҚШ санкциялары жаңа коронавирус сияқты

Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани АҚШ санкцияларының жаңа коронавирус (Сovid-19) сияқты екенін тап көрсетті.

Иран президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Рухани ресми байланыстары аясында бас қала Тегеранға барған Австрия Сыртқы істер министрі Александр Шелленбергті қабылдады.

АҚШ-тың экономикалық санкцияларға қоса азық-түлік және дәрі-дәрмек материалдарында да санкция жасалғанын алға тартқан Рухани «Бұл санкцияларды іске қосу терроризм. Еуроодақтың бұл жерде адамдық жауапкершілігін орындауын күтеміз. АҚШ санкциялары коронавирус сияқты. Қорқытуы шындығынан ауыр» деді.

Иран басшысы Ядролық келісімнің Иран мен Еуроодаққа қоса батыстықтар арасында сенімнің орнауы үшін жақсы бір бастама болатынын және бұл тақырыптағы уәделеріне берік екенін түсіндірді. Рухани аймақтағы су бағыттарының қауіпсіздігінің бұрынғымен салыстырғанда одан әлсіз екенін және Йемен, Сирия, Ауғанстан және Иран сияқты елдерде ыңғайлы  қауіпсіздік шарттары болмағанын атап көрсетті.

Рухани аймақ пен энергия желілерінің қауіпсіздігін Еуроодақ және әлем үшін маңызды екеніне тоқталды.

Шелленберг болса ядролық келісімнің аймақтың тыныштық пен тұрақтылығы үшін маңызды екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар