Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башаға мәлімдеме жасады

Башаға: Триполиде қауіпсіздікті қамтамасыз еттік.

1365188
Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башаға мәлімдеме жасады

Ливия Ұлттық үкіметі Ішкі істер министрі Фетхи Башаға бас қала Триполиде қауіпсіздікті қамтамасыз еткендерін білдірді.

Башаға полиция директорларымен кездесуінің артынан жасаған мәлімдемеде шығыстағы Халифа Хафтерге қарасты күштердің Триподиді нысанаға алған шабуылдарын 10 айдан бері жалғастырғанын мәлімдеді.

Ливия Ішкі істер министрі «Триполиде қауіпсіздікті толығымен қамтамасыз еткен соң қылмыстық істер азайды» деді. Башаға қарулы күштермен ынтымақтастық жасап, ДАИШ-тен бастап, террорды елде әлсіреткендерін атап көрсетті.

Триполиде қауіпсіздікті толығымен бақылауға алғандарын түсіндірген Башаға мемлекеттік мекемелерді қорғау тақырыбында жауапкершіліктің өздерінде екенін түсіндірді.

Заңсыз әрекеттер жасаушы қарулы топтарды «жасақ» деп атағандарын түсіндірген Башаға Триполи мен халықты қорғайтын бригадалар мен жасақтарды бір-бірінен ажырату керектігін қарулы топтардың елдің екінші мәселесі екенін атап көрсетті.

Орыс ақылы әскері «Wagner» күштерінің Хафтердің майдан желісіне жіберілуімен өте қауіпті және қиын бір кезеңнің басталғанына назар аударған Фетхи Башаға жауынгерлер арқылы бұл кезеңді түсінгендерін және шекараларын қорғағандарын атап көрсетті.

Башаға бір қарулы топ басшысының Италиян Барлау ұйымы арқылы Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) барлау ұйымынан Мұхаммед ибн-Рашидпен жиналыс өткізгендерін атап, жиналыстың артынан БАӘ-нің Мисрата мен Митига әуежайын бірнеше рет бомбалағанын атап көрсетті.

Бітімге қарамастан шетелдік жүк ұшақтарының Хафтерге 6 мың 200 тоннадан астам қару-жарақ тасымалдағанын тілге тиек еткен Башаға полицияның өлгенше Хафтермен күресті жалғастыруда табанды екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар