Ирак Иранмен шекара қақпаларын жапты

Ирак Иранға ашылған екі кеден қақпасын жаңа типті коронавирус инфекциясы себепті сауда өткелдеріне жабуға шешім қабылдады.

1364756
Ирак Иранмен шекара қақпаларын жапты

Ирак Иранға ашылған екі кеден қақпасын жаңа типті коронавирус инфекциясы себепті сауда өткелдеріне жабуға шешім қабылдады. 

Диала әкімі жазбаша мәлімдемесінде коронавируспен күрес мақсатымен құрылған дағдарыс үстелімен өткен жиналыстың нәтижесінде уәлаят шекарасындағы Иранға ашылған шекара қақпаларын үш күн уақытпен жабуға шешім жасағандарын білдірді.

Шешімнің Ираннан оралған ирактықтардың медициналық бақылауға алынуын жеңілдетуді мақсат еткені хабарланды.

Ирак 20 ақпанда жаңа типті коронавирус себепті Иран азаматтарына барлық шекара қақпаларын үш күн уақытпен жапқан, барлық ұшақ рейстерін тоқтатқан болатын.

Бағдат әкімшілігі Иракқа келетін Иран азаматтарына жаңа бір шешімге дейін рұхсат берілмейтінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар