Коронавирус салдарынан Италияда 2 адам қайтыс болды

Коронавирус салдарынан күніне қайтыс болған адам саны 13-ке ұласты.

1364480
Коронавирус салдарынан Италияда 2 адам қайтыс болды

Италияда жаңа коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы салдарынан қайтыс болған алғашқы құрбан тіркелді.

Елдің солтүстігіндегі Венето аймағында ем қабылдаған 78 жасар ер адамның қаза тапқаны білдірілді.

Елдің солтүстігінде қысқа уақыттан бері анализ қорытындысын күткен 17 адамның «Сovid-19» вирус жұққаны кеше анықталды.

Оңтүстік Кореяда «Сovid-19» салдарынан тағы бір адам көз жұмды.

Ауру жұқтырған адам санының 200-ден асқаны елде вирус себепті қаза тапқан адам саны 2-ге ұласты.

Жапонияда болса жұқпалы ауру себепті бас қала Токио маңындағы Иокогама портында 4 ақпан күні карантинге алынған «Diamond Princess» атты кеменің черногориялық экипажында вирус анықталғанын атап көрсетті.

Черногория Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде вирус анықталған Черногория азаматының ауруханаға жеткізілетіні білдірілді.

Америка Құрама Штаттарында «Сovid-19» жұқтырғаны анықталған науқас саны 34-ке ұласып, Біріккен Араб Әмірліктерінде тағы 2 адамның қайтыс болуымен елде вирустан қайтыс болғандар саны 13-ке ұласты.



Ұқсас жаңалықтар