Трамп рақымшылық жариялады

Дональд Трамп түрлі қылмыстардан сотталған 11 кісі үшін арнайы рақымшылық жариялады.

1362423
Трамп рақымшылық жариялады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп түрлі қылмыстардан сотталған 11 кісі үшін арнайы рақымшылық жариялады.

Ақ Үйдің хабарламасына қарағанда,  Трамп 7 азамат үшін «толық рақымшылық», 4 кісінің жазасының жеңілдетілуі үшін жарлыққа қол қойды.

Жазасы кешірілгендер арасында салықта алаяқтық және тергеушілерге жалған айту қылмыстарынан 4 жыл бас бостандығынан айрылған Нью-Йорктың Полиция департаментінің бұрынғы комиссары Бернард Кэрик пен «іштен информация сату» қылмысынан сотталған финансист Майкл Милкен де бар.

Жазасы жеңілдетілгендер арасында болса АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамадан босаған Сенат орны үшін пара алғаны ортаға шыққан әкім Род Благожевич бар. Осылайша Благожевичтің 14 жылдық жазасы 8 жылға азайтылды.



Ұқсас жаңалықтар