АҚШ азаматтарын карантинге алды

АҚШ Жапонияда карантинге алынған жолаушы кемесінен елге қайтқан азаматтарын елде карантинге алды.

1361855
АҚШ азаматтарын карантинге алды

Америка Құрама Штаттары жаңа типті коронавирус инфекциясы себепті Жапонияда карантинге алынған жолаушы кемесінен оралған азаматтарын елде карантинге алды. 

Америкалық лауазымдылар Жапонияның астанасы Токио маңындағы Иокохама кемежайында 4 ақпанда карантинге алынған 3 мың 500 жолаушысы бар "Diamond Princess" атты жолаушы кемесінен шыққан 328 АҚШ азаматын тасымалдаған ұшақтардың Калифорния штатындағы Трэвис Әуе базасына және Техас штатындағы Сан Антонио қаласындағы Лакланд Әуе базасына қонғанын хабарлады.

Лауазымдылар елге оралған жолаушылардың 14 күн бойынша базаларда құрылған карантин орталықтарында тұратынын жариялады.

АҚШ-қа қайтқан 328 азамат 4 ақпаннан бері жолаушылар кемесінде карантинде ұсталған болатын. АҚШ-қа келген соң 14 күндік карантин уақыты қайта бастады.



Ұқсас жаңалықтар