Ливияда төңкерістің жылдығы түрік байрағымен тойланды

Ливиялықтар 17 ақпан төңкерісінің 9-шы жылдығын түрік байрақтарымен тойлады.

1361732
Ливияда төңкерістің жылдығы түрік байрағымен тойланды
libya devrimin yildonumu.jpg
libya devrimin yildonumu1.jpg
libya devrimin yildonumu2.jpg

Он мыңдаған ливиялық кеше азанғы уақыттан бастап бас қала Триполидің Шәйіттер алаңында жиналды.

Алаңда Ливия байрағының артынан ең көп түрік байрағы назар аударды.

Шәйіттер 1 минут үнсіз еске алынған соң Ливия ұлттық әнұраны орындалды. Рәсімде халыққа үн қатқан Ливия Мемлекеттік Жоғары Кеңес басшысы Халид әл-Мишри «төңкерістің табысын қорғайтындарын және шабуылдаушыларға қарсы соңына дейін күресетіндерін» атап көрсетті.

Кешкі уақытта болса БҰҰ алдындағы заңды Ливия Ұлттық Келіссөз үкіметі басшысы Фаиз эс-Серрадж алаңға келіп, қалың жұртпен амандасты.

Іс-шараларға қатысушылардың бірі Халид Аюдуллах Месуд Ливия халқының 17 ақпан күні тәуелсіздік алғанын, қадағалау, қастандықтар және саяси айыптаулардан құтылғанын тілге тиек етті.

Ливияда 42 жыл бойынша «Каддафи үлкен басшы», «Каддафи ұлы көсем», «Каддафи үлкен спортшы» сияқты нанымдардың халықтың санасына сіңірілгенін атап көрсеткен Месут халықтың 9 жылдан бері еркін және абыройымен өмір сүргенін мәлімдеді.

Месут «Ливия халқына қолдау берген Түркияға алғысымыз шексіз. Хафтер күштеріне қолдау берген елдерді қатаң түрде айыптаймыз» деді.

Ливияны 42 жыл бойы темір жұдырықпен басқарған Муаммер Каддафи әкімшілігі 2011 жылы 17 ақпан күні Араб көктемі кезінде төңкерілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар