Иранда 5.8 балл зілзала болды

Иранның оңтүстігіндегі Хурмузган уәлаятына қарасты Кешм аралында 5.8 балл үлкендікте зілзала болды.

1360418
Иранда 5.8 балл зілзала болды

Иранның оңтүстігіндегі Хурмузган уәлаятына қарасты Кешм аралында 5.8 балл үлкендікте зілзала болды.

Тегеран университетінің Сейсмология орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда орталығы Кешм аралын көрсеткен 5.8 балл зілзаланың жергілікті уақыт бойынша сағат 16-да болғаны тіркелген.

Зілзаланың 13 километр тереңдікте болғаны атап өтілді.

Сонымен бірге 5.8 балл зілзаладан кейін 4.4 баллдық бір сілкініс тағы болған.

Зілзала салдарынан жан мен мал шығыны болған-болмағаны жайлы мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар