Жолаушы лайнерінде тағы 44 адамда вирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш 44 кісінің 29-ының Жапония азаматтары екенін білдірді.

Жолаушы лайнерінде тағы 44 адамда вирус анықталды

Жапонияда жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы себебімен карантинге алынған жолаушы лайнерінде тағы 44 адамда вирус анықталды.

Киото ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Йокохама портында карантинге алынған жолаушы лайнерінде Covid-19 анықталған кісі саны 218-ге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш 44 кісінің 29-ының Жапония азаматтары екенін білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Като хроникалық ауруы бар жасы үлкен жолаушылардың вируске байланысты анализдері негатив шығатын болса, кемеден құрлыққа жоспарланғаннан ерте шығуға рұқсат берілетінін айтты.

Кемеден түсетін азаматтардың карантиннің соңына дейін белгілі бір базада тұратындарын айтқан министр жолаушы және экипаждың денсаулығы үшін қолдарынан келгенді істеп жатқандарын атап көрсетті.

Лайнердегі карантин 19 ақпан күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар