"Асад шабуылдарын тоқтатуы керек"

Йенс Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының отырысынан кейін брифинг берді.

"Асад шабуылдарын тоқтатуы керек"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Сирияның Идлиб аймағында артқан қызуға байланысты: «Ресейден қолдау алып отырған Асад әкімшілігі жазықсыз адамдар қаза тапқан шабуылдарын тоқтатуы керек» деді.

Йенс Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының бірінші күнгі отырысынан кейін брифинг берді.

Анадолы агенттігінің тілшісінің «Идлибте артқан әскери қызу жиналыста қаралды ма? НАТО-дан мүшесі Түркияға нақты қолдау бола ма?» деген сұрағына Столтенберг: «Идлибтегі жағдай бүгінгі отырыста күн тәртібіне келді.  Қазір аймақтағы оқиғалар аяусыз қолданылған күштің, жазықсыз адамдарға қарсы шабуылдардың және бейбіт халықтың бомбалауының нәтижесі.  Бұны айыптаймыз, себебі қабылдау мүмкін емес» деп жауап берді.

Столтенберг «Ресейден қолдау алып отырған Асад әкімшілігінің жазықсыз адамдар құрбан болған осы шабуылдарын тоқтатуы керек» деді.

Ол НАТО-ның Түркияға қолдау бергенін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар