Трамп Үндістанға барады

Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамп 24-25 ақпан күндерінде Үндістанға барады.

Трамп Үндістанға барады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамп 24-25 ақпан күндерінде Үндістанға барады.

Ақ Үй баспасөз кеңсесінің хабарламасына қарағанда,  Трамптар Үндістанның бас қаласы Жаңа Делимен бірге Үндістанның тәуелсіздік қозғалысы және Махатма Гандинің өмірінде маңызды рол ойнаған, премьер-министр Нарендра Модинің туған жері Гуджарат уәлаятындағы Ахметабад қаласына да барады.

Моди мен Трамптың телефон арқылы сөйлескендері еске салынған хабарламада: «Екі басшы осы сапардың АҚШ-Үндістан стратегиялық серіктестігін нығайтатынына және Америка халқы пен Үндістан халқы арасындағы мықты байланыстарға көңіл бөлетініне сенеді» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар